
ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті Қаражал
қаласындағы «Восточный» карьері аумағында марганец кенін заңсыз
өндіруді ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты.
Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын —
экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған. Карьер
аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат
ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген.
Кейін кен жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана
отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған.
Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше
метрден асып, оның құны 950 млн теңгеден асады.
Тергеу жалғасып жатыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге
жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі








