Франция СІМ делегациясы Алматы қаласының Төтенше Жағдайлар Департаментіне барды

    Франция СІМ делегациясы Алматы қаласының Төтенше Жағдайлар Департаментіне барды

    Кездесу азаматтық қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың дамытуына, сондай-ақ «112» шұғыл қызметінің жұмысына арналды.
    Франция тарапынан азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі кеңесші Флоран Курреж, әріптестік және еуропалық қаржыландыру мәселелері жөніндегі редактор Матильд Бриолан, Францияның Орталық Азиядағы Елшілігінің ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі атташесі Сирил Гут және Францияның Қазақстандағы Бас консулы Максим Жеренже қатысты.
    Қонақтарға Алматы қаласы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының жұмысы, «112» қызметінің қызметі, заманауи өрт сөндіру-құтқару техникасы мен жабдықтары таныстырылды. Делегация сондай-ақ №15 өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысты.
    Тараптар тәжірибе алмасып, азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары