Целиноград ауданы мен Соргуын муниципалитеті ынтымақтастықты кеңейтуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Целиноград ауданы мен Соргуын муниципалитеті ынтымақтастықты кеңейтуде

    Түркия Республикасының Йозгат провинциясы Соргуын муниципалитеті делегациясының Целиноград ауданына ресми сапары аясында аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлымен кездесу өтті.

    Кездесу қорытындысы бойынша Целиноград ауданының әкімдігі мен Соргуын муниципалитеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Құжат экономика, инвестиция, мәдениет, білім, ғылым және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.

    Кездесу барысында экономикалық байланыстарды кеңейтуге, түрік инвестицияларын тартуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Меморандумға қол қою өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және Целиноград ауданына жаңа инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары