ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ!

    1 / 3

    Кеше Целиноград ауданында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына 10 жыл толуына және Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты кездесу өтті.

    Он жыл – қалыптасу мен дамудың, жаңашылдық пен маңызды өзгерістердің кезеңі. Осы уақыт ішінде Мемлекеттік корпорация мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін маңызды құрылымға айналды.

    Кездесу барысында Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Толқынбекұлы сала ардагерлері мен қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, олардың күнделікті еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

    «Әрбір мемлекеттік қызметтің артында нақты адам, оның қажеттілігі, өмірлік жағдайы мен үміті тұрады. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңызда кәсібилік пен жауапкершілік қана емес, әрбір келушіге деген ықылас пен адами қарым-қатынас та аса маңызды», – деп атап өтті ол.

    Кездесу барысында аудандағы мемлекеттік қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.

    Аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының бастамасымен жаңа, заманауи әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Аталған ғимаратта кең әрі заманауи Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасады. Бұл тұрғындарға қажетті мемлекеттік қызметтердің барлығын бір жерден, қолайлы жағдайда алуға және уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа сервистерді енгізу көзделген. Бұл – басты назарда адам мүддесі тұрған заманауи қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

    Кездесудің екінші бөлімі Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналды. Теңге – еліміздің тәуелсіздігі, экономикалық дербестігі мен мемлекеттілігінің басты нышандарының бірі. Оның тарихы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихымен тығыз байланысты.

    Бұл кездесу маңызды мерекелерді атап өтумен қатар, күнделікті еңбегі қоғам игілігіне бағытталған азаматтарға шынайы алғыс білдіруге мүмкіндік берді.

    Сала ардагерлеріне көп жылғы адал еңбегі, кәсіби тәжірибесі мен жүйенің дамуына қосқан үлесі үшін, ал қазіргі қызметкерлерге жауапкершілігі, төзімділігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

    Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

    Еңбектеріңіз әрдайым сұранысқа ие болып, лайықты бағалансын! Халықтың сенімі мен алғысы ең жоғары марапаттарыңыз болсын!

    Мерекелеріңіз құтты болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары