Бүгін Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының төрағалығымен ауданның инвестициялық дамуы және «Агрохаб» индустриялық аймағының қызметіне арналған инвесторлар мен кәсіпорын өкілдерінің кездесуі өтті.
Қазіргі таңда ауданда 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Оның бесеуі «Агрохаб» индустриялық аймағында орналасқан. Бұл жобалар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Кездесу барысында жобалардың жүзеге асырылу барысы, құрылыс қарқыны, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, өндірістік қуаттарды кеңейту, сондай-ақ инвесторларды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан әкімі инвесторларға қолайлы жағдай жасау, туындаған мәселелерді уақытылы шешу және сындарлы диалог орнату инвестициялық бастамаларды табысты жүзеге асырудың маңызды тетіктері екенін атап өтті.
Әрбір инвестициялық жобаның артында тек қаржылық салым ғана емес, жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, тұрғындар үшін қосымша мүмкіндіктер және аудан экономикасының нығаюы тұр.
Біздің ортақ міндетіміз – инвестициялардың нақты нәтижеге айналуына, ал ауданның дамуы тұрғындардың өмірінде оң өзгерістер әкелуіне жағдай жасау!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









