
Шығыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінде аға буын өкілдерімен керемет кездесу өтті. Қарттар күні мерекесіне орай осы ұжымда ұзақ жыл қызмет етіп, құрмет демалысына шыққан еңбек ардагерлерімен дөңгелек үстел форматындағы кездесу өтті.
Кездесуге Қарабаева Нұрхан Рахымбаевна мен Қожақанов Жақсылық Мүбаракұлы келіп, департамент қызметкерлерімен өмірлік тәжірибелерін бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.
Кездесуге онлайн байланыс арқылы басқа да қалаларда тұратын ардагерлердің қатысуы қарттарымыз үшін тосынсый болды. Ұзақ жылдардан кейінгі онлайн және офлайн басқосу барысында Зайнелов Әлхан Зайнелұлы, Каримова Ләззат Каримқызы, Калиева Қарлығаш Қалиқызы тікелей байланысқа шығып, осындай кездесу ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, әріптестеріне ақ тілек құттықтауларын жолдады.
Департамент ардагерлерін қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, жан жылуын, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тілейміз. Еңбектеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз бен ортақ ісімізге қосқан зор үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Әрбір күндеріңіз құрметке, қамқорлыққа және қуанышқа толы болсын деп тілейміз!









