
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқы қашанда үлкенін сыйлап, ақсақалын ардақтап, ақ жаулықты әжесін төрге шығарған. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген қанатты сөз халқымыздың өмірлік ұстанымын айшықтайды. Себебі сіздер – елдің береке-бірлігін бекемдеп, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп келе жатқан ардақты буынсыздар.
Сіздердің саналы ғұмырларыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз Шардара ауданының өсіп-өркендеу тарихымен тығыз байланысты. Әр жылдары түрлі салаларда еңбек етіп, ел игілігіне үлес қостыңыздар. Бүгінде кейінгі буын сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізді үлкен құрметпен қабылдайды.
Қарияларымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларға лайықты құрмет көрсету, тұрмыс-тіршілігіне қолдау білдіру – қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым ел-жұрттың сый-құрметіне бөленіп жүре беріңіздер!
Құрметті ардагерлер!
Сіздердің ақ баталарыңыз – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар, өмірлік өнеге. Әр шаңырақта береке мен бірлік орнап, еліміздің келешегі кемел болсын!
Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы








