Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа өнеге

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа өнеге

    Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа өнеге

    Халықаралық қарттар күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерлері, бүгінде зейнет демалысындағы азаматтармен кездесті.

    ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Манапов, ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев және полиция департаментінің қызметкерлері бұрын ШҚО ІІБ бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Таумұрат Лұқпанов пен бұрын ШҚО ІІБ кадр жұмысына жетекшілік еткен ішкі қызмет полковнигі Алябьев Александрды мерекемен құттықтады.

    Кездесу барысында ардагерлер қызмет жылдарын еске алып, жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Әңгіме барысында ішкі істер органдарында қалыптасқан үздік дәстүрлерді сақтау мен кейінгі буынға жеткізудің маңызы айтылды. Ардагерлер жас қызметкерлерге өз тәжірибелерін айтып, қызметте табыс пен абырой тіледі.

    «Біз үшін ұрпақтар сабақтастығын сақтау, ұзақ жылдар бойы халыққа адал қызмет етіп, ішкі істер органдарының дамуына өзіндік үлесін қосқан азаматтарды ұмытпау маңызды. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бен қызметке деген адалдықтарыңыз – жас қызметкерлер үшін үлкен өнеге», – деді полиция полковнигі Серік Манапов.

    Кездесу барысында ардагерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, жан тыныштығы мен ұзақ ғұмыр тілектер айтылды.

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті ардагерлермен байланысты әрдайым қадір тұтып, олардың ішкі істер органдарындағы көп жылғы еңбегін жоғары бағалайды. Мұндай кездесулер – қызмет жолын бірге өткерген жандармен қайта қауышып, еңбектеріне алғыс білдіріп, көңіл бөліп, құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін тағылымды сәт.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары