«Үш ұрпақ – ортақ мұрат»: Астанада Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті

    «Үш ұрпақ – ортақ мұрат»: Астанада Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті

    Астанадағы «Жетісу» паркінде Халықаралық қарттар күніне арналған «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі өтті. «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 250-ден аса адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Іс-шараға «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев, Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Астана қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтап, шынайы ықыластарын білдірді.

    Тоғызқұмалақ, шахмат және үстел ойындары ұйымдастырылып кейін, концерттік бағдарламамен жалғасқан фестиваль ардагерлер мен жастар арасында байланысты одан әрі нығайтуға бағытталды.

    Фестивальдің басты мақсаты – аға буынға қолдау білдіру, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету және жастар мен қарияларымыздың арасында сабақтастықты қалыптастыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары