
Шардара ауданында кәсіпкерлер, инвесторлар және шаруа қожалықтарының өкілдерімен «Инвест керуен» кездесуі өтті.
Жиынға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов, аудан прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы және қала және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің басшылары, сондай-ақ ауданның кәсіпкерлері, инвесторлары және шаруа қожалықтарының төрағалары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлер мен шаруалардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын ашық тыңдау, оларды қолданыстағы заңнама талаптары шеңберінде қарау және шешу жолдарын айқындау.
Кездесу барысында кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының өкілдері жер қатынастары, инфрақұрылым, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және басқа да мәселелер бойынша сауалдарын жолдады.
Көтерілген әрбір мәселе жауапты сала мамандарының қатысуымен талқыланып, құзырет шегінде нақты түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Қажет болған жағдайда мәселелерді одан әрі зерделеу және заңнама талаптарына сәйкес шешу бойынша тиісті тапсырмалар айқындалды.
Аудан прокуроры Алмас Ермекұлы Әлі кәсіпкерлер мен шаруалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік органдар тарапынан заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар прокуратура органдарының азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстары туралы түсіндіріліп, заңнамада белгіленген тәртіппен туындаған мәселелер бойынша жүгінуге болатыны айтылды.
«Инвест керуен» – кәсіпкерлердің өз мәселесін тікелей жеткізіп, жауапты мемлекеттік органдардан нақты түсініктеме алуға мүмкіндік беретін ашық пікір алаңы.
Кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстарын тыңдау, проблемалық мәселелерді заң аясында зерделеу және олардың шешілуіне ықпал ету – аудан әкімдігі мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Ашық диалог – өзара түсіністіктің негізі.
Нақты жауап – мәселені шешуге бастайтын қадам.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.








