
Осы айтулы күнге орай, Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі С. Андасбаев ауылымыздың ардақты әжесі Сагымбаева Сахария әжеміздің шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.
Сахария әжеміз – көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері, ғибратты ғұмырымен кейінгі ұрпаққа өнеге болып отырған ардақты жан. 95 жасқа жуықтап қалған әжеміздің өмір жолы – отбасыға деген сүйіспеншіліктің, еңбектің және төзімнің жарқын үлгісі.
Ақ жаулықты әжемізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, немере-шөберелерінің қызығын көруді тілейміз!
Қариясы бар үй – қазынасы бар үй.
Үлкенге құрмет – ұрпаққа үлгі!









