Нысанды іске қосу рәсіміне Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.
Жаңа күн электр станциясы өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Шиелі ауданының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру барысында инвестор жер қатынастарын рәсімдеуге байланысты бірқатар мәселеге тап болған. Оларды шешуге инвестициялық жобаны құқықтық сүйемелдеу аясында Шиелі ауданының прокуратурасысүйемелдеді.
Атап айтқанда, прокуратура Шиелі кентіндегі жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуге, жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде оның шекарасын, талаптары мен режимін айқындауға ықпал етті.
Сондай-ақ прокуратураның үйлестіруімен әкімдіктің қажетті шешімдері қабылданып, жария сервитутты мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар рәсімделді.
Қабылданған шаралар әкімшілік мәселелерді шешіп, инвестициялық жобаның одан әрі кедергісіз іске асырылуына мүмкіндік берді.
Инвесторлардың құқығын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.Инвестициялық жобаларды іске асыруға және өңірлік бизнестің дамуына әсер етуі мүмкін мәселелерді жедел шешуге ерекше назар аударылады.
Қызылордаоблысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.





