
30 қыркүйек күні Қалбатау ауылында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Абай облысы Жарма ауданының үш жақты комиссия отырысы өтті. Отырысқа үш жақты комиссия мүшелері мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде еңбек қатынастары мен жұмыспен қамту саласына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда:
- электрондық еңбек шарттарын электрондық базаға тіркеу бойынша атқарылған жұмыстар мен қызметкерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру;
- жұмыстан босаған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары;
- «Жасыл ел» бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпараттар тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Комиссия отырысында әлеуметтік еңбек қатынастарын тұрақтандыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/media/details/89321?lang=ru









