
Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2026 жылғы 30 қыркүйекте әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі кеңес өткізілді. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, Мансап орталығы директоры, мемлекетті мекемелердің басшылары қатысты.
Сондай-ақ, кеңеске ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті РММ басшысының орынбасары - Жокебаев Кайрат Едилович ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде қатысты. Кеңес барысында комиссия мүшелері баяндама жасады.
Аудан әкімінің орынбасары жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары арасында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берді.









