Көкпекті ауданында үшжақты комиссия отырысы өтті

    Көкпекті ауданында үшжақты комиссия отырысы өтті

    2026 жылғы 30 қыркүйекте Қөкпекті ауданында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өткізілді.

    Отырысқа комиссия мүшелері қатысты: Жокебаев Қайрат Едилович – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің өкілі; Сүлейменов Нұрбек Сыдықович – Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

    Күн тәртібінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбек заңнамасының талаптарын орындау, оның ішінде еңбек шарттарын уақтылы рәсімдеу мәселелері қаралды.

    Отырыс барысында еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сәйкес жүргізу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша тиісті мәселелер талқыланды.

    Бірлескен жұмыс – әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіз еңбек жағдайының кепілі!

    Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/media/details/89326?lang=kk

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары