
2026 жылғы 30 қыркүйекте Семей қаласында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Әміртаев Темірлан Бауыржанұлы, Мансап орталығының және қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес 2026 жылы қала кәсіпорындарының «Парыз» және «Еңбек жолы» республикалық конкурстарына қатысуға дайындық барысы, кәсіпорындардағы жалақы берешектерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ электрондық еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу мәселелері қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша қатысушылар арасында пікір алмасып, тиісті тапсырмалар берілді.
Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/media/details/89316?lang=ru









