Құлыпталмаған есік – ұрыға мүмкіндік: Астанада пәтерден телефон ұрлаған күдікті ұсталды

    Құлыпталмаған есік – ұрыға мүмкіндік: Астанада пәтерден телефон ұрлаған күдікті ұсталды

    Астанада Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері пәтерден ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады.
    Тергеу барысында күдіктінің тұрғын үйдің кіреберіс есігінің құлыпталмағанын пайдаланып, пәтерге кіргені анықталды. Ол үй ішінен «Xiaomi» маркалы ұялы телефонды жасырын түрде алып, оқиға орнынан кеткен.
    Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.
    Күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
    Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің барлық мән-жайы анықталуда.
    Полиция азаматтарға пәтер мен тұрғын үй есіктерін міндетті түрде құлыптап, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары