
2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Жұқан Ф.А. Департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қызметтік тәртіпті сақтау, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта өзін әдепті әрі дұрыс ұстау мәселелері қаралды.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, ақпаратты жариялау кезінде белгіленген талаптарды сақтау және қоғамдық кеңістікте жауапкершілікпен мінез-құлық таныту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және қызметтік жағдайын жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу түсіндірілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды, оның ішінде жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды жасамау мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметтік тәртіпті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қызметтік әдеп талаптарын сақтауға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруға бағытталған.








