
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен Департаменттің және аудандық басқармалардың бірқатар қызметкерлері үшін түзеу мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияның басты мақсаты қызметкерлерге қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда арты қандай салдарға әкеліп соғатынын көрсету.
Қызметкерлер сотталған тұлғаларды ұстаудың жалпы жағдайымен, олардың тынығу орны, тамақтану бөлмесі және кітапханасымен танысты.
Бұндай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары тұрақты түрде өткізіледі, бұның алдында экскурсиялар 2019, 2020, 2022, 2025 жылдары ұйымдастырылған.
Осы іс-шараны өткізуге ат салысқаны үшін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен №13 мекемесінің әкімшілігіне алғыс білдіреміз.












