Өндірістегі әйелдердің еңбегін қорғау және қауіпсіздігі: қауіпсіз еңбек — жұмыс істейтін әйелдердің денсаулығының, олардың отбасының әл-ауқатының және қоғамның өркендеуінің кепілі!

    Өндірістегі әйелдердің еңбегін қорғау және қауіпсіздігі: қауіпсіз еңбек — жұмыс істейтін әйелдердің денсаулығының, олардың отбасының әл-ауқатының және қоғамның өркендеуінің кепілі!

    Өндірістегі әйелдердің еңбегін қорғау және қауіпсіздігі: қауіпсіз еңбек — жұмыс істейтін әйелдердің денсаулығының, олардың отбасының әл-ауқатының және қоғамның өркендеуінің кепілі!

    Өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әйелдердің денсаулығын қорғау — бұл заңнамалық талап қана емес, сонымен қатар кез келген кәсіпорынның әлеуметтік тұрақтылығы мен тиімділігінің маңызды факторы. Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әйелдер еңбек ететін жұмыс орындарындағы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық пен гигиеналық нормативтердің сақталуына ерекше назар аударыды.

    Әрбір жұмыс орны санитариялық ережелерге сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде бағалауға жатады. Әйелдер ағзасына қолайсыз әсер етуі мүмкін жұмыс ортасының факторларына ерекше көңіл бөлінеді:

    - өндірістік шу, діріл және жарықтандыру деңгейлері;

    - жұмыс аймағының ауасында зиянды химиялық заттардың болуы мен шоғырлануы;

    - микроклимат параметрлері (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы).

    Өндірістік объектілердегі әйелдердің жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларымен (бұдан әрі – ҚР ДСМ-72 СҚ) регламенттеледі, оған сәйкес ауысымдағы бір жұмыс істейтін әйелге 2,0 м² есебінен, бірақ 18 м²-ден кем емес аумақта демалыс бөлмелері ұйымдастырылуы тиіс. Ауданы 30 м²-ден асатын демалыс бөлмелері демалыс аймағына және гимнастикалық жаттығуларға, дәрігерлік бақылау мен оқу сабақтарына арналған аймаққа бөлінеді. Сондай-ақ әйелдердің жеке гигиена бөлмелері 100 жұмысшы әйелге 1 кабина есебінен, ал шаңы жоғары объектілер үшін 50 әйелге 1 кабина және тамбур қарастырылады. Тамбурда ыстық және суық су араластырғышы бар раковина, қызмет көрсету персоналына арналған үстел, қолға арналған электр кептіргіш, сабынсауыт орнатылады.

    Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығымен бекітілген «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес, байыту және брикеттеу фабрикаларында: жүкті қолмен көтеру және орын ауыстыру кезінде әйелдер үшін рұқсат етілген шекті шамалар мынаны құрайды: басқа жұмыспен алмастырған кезде жүкті көтеру және орын ауыстыру (сағатына 2 ретке дейін) — 10 кг, жұмыс ауысымы ішінде жүкті көтеру және орын ауыстыру — 7 кг.

    Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін әйелдер міндетті түрде алдын ала (жұмысқа түсер алдында) және мерзімді медициналық тексеруден өтуге тиіс. Бұл кәсіби аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтауға және алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары