
Полиция қызметкерлері А.С. Макаренко атындағы орта мектепте балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол – балалар үшін» тақырыбында қауіпсіздік сабақтарын өткізді. Іс-шараға 1–4 сыныптардан 300-ден астам оқушы қатысты. Сабақ барысында балаларға жол қозғалысының негізгі ережелері, жол белгілерінің маңызы және жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс тәртібі түсіндірілді. Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды. Оқушылар велосипедпен арнайы жабдықталған автокөлік қалашығының оқу маршруты бойынша жүріп өтіп, жол қозғалысы ережелері бойынша алған білімдерін іс жүзінде бекітті. Мұндай практикалық сабақтар балалардың жол ережелерін жақсы есте сақтауына, жолдағы жағдайды дұрыс бағдарлауына және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – ересектер мен жас жол қозғалысы қатысушыларына ортақ жауапкершілік.









