Қазақстанда 286-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    Қазақстанда 286-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында 286-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа нысан 1200-ден астам тұрғыны бар үш елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдар үшін маңызды қадам.

    Жаңа өрт сөндіру пункті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Мұнда жеке құрамның тәулік бойы қызмет атқаруына қажетті жағдай жасалған. Нысан өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жабдықтар және арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Бұл мамандардың шақырту орнына жедел жетіп, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға тиімді ден қоюына мүмкіндік береді.

    Бекеттің іске қосылуы шалғай елді мекендердегі қауіпсіздікті күшейтіп, тұрғындарға көмек көрсету уақытын қысқартуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары