«Кітапқа құштар ұлт»

    «Кітапқа құштар ұлт»

    Бүгін облыстық «Saryarqa» телеарнасында «Кітапқа құштар ұлт» тақырыбында өткен “Ойталқы”бағдарламасына Ресурстық тіл орталығының мамандары Алтынай Қожабекқызы мен Арайлым Кенжеқызы қатысып, кітап оқу мәдениетін әдетке айналдыру, қазақ тіліндегі әдебиеттің қолжетімділігі туралы пікір алмасты.

    Бағдарлама барысында қоғамдағы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітапқа қызығушылығы сөз болды.

    «Кітап оқитын ұлт» болу – тек марафонға қатысу емес, кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру. Ал бұл әдет отбасынан, мектептен, кітапханадан және әр адамның жеке қызығушылығынан қалыптасады.

    Қазақ тіліндегі кітаптың саны мен қолжетімділігі артып келе жатқанымен, ендігі маңызды міндет – оқырман мен кітаптың арасындағы байланысты күшейту, сапалы әдебиетті насихаттау және кітап оқуды тұрақты мәдени құндылыққа айналдыру.

    Айтулы жобаға облыстық тіл басқармасына қарасты Ресурстық тіл орталығының бірнеше маманы қатысуда.

    #кітап_оқитын_ұлт

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары