Авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау тақырыбында онлайн-семинар өтті

    Авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау тақырыбында онлайн-семинар өтті

    29.09.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімі «ADAL» авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, «Концерттер мен өзге де бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

    Семинарға мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар, театрлар, филармониялар және мәдениет мекемелерінің өкілдері қатысты.
    Іс-шара барысында авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау, музыкалық туындыларды заңды пайдалану, құқық иеленушілермен шарттар жасасу, сондай-ақ заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
    Отандық және шетелдік авторлардың туындыларын көпшілік алдында орындау кезінде құқық иеленушілердің құқықтарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Әділет департаменті" жаңалықтары