Қарасу ауданындағы №24 өрт сөндіру бөлімінің реновациясы

    Қарасу ауданындағы №24 өрт сөндіру бөлімінің реновациясы

    Жұмыс сапары аясында Қостанай облысы ТЖД бастығы полковник Селимов Н. Г. Қарасу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №24 өрт сөндіру бөліміне барды.

    Сапар барысында Департамент бастығы өрт сөндіру бөлімі ғимаратының реновация барысымен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына, белгіленген талаптардың сақталуына және оларды аяқтау мерзімдеріне ерекше назар аударылды.

    Жүргізіліп жатқан реновация жеке құрамның қызмет атқару жағдайларын жақсартуға, үй-жайларды жаңартуға және бөлімшенің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған.

    Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жұмыстарды одан әрі жүргізу, олардың сапасын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімде аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары