Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын сақтау бағытындағы жұмыстар Әдеп жөніндегі кеңесте тыңдалды

    Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын сақтау бағытындағы жұмыстар Әдеп жөніндегі кеңесте тыңдалды

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

    Отырыста Департаментпен 2025 жылы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар мен Әдеп кодексі талаптарының бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстарының нәтижелері қаралды.

    Жалпы, мемлекеттік қызметшілерге қатысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен көзделген мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет түрлері бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады және тиісті шектеулер қабылданған.

    Сонымен қатар мүдделер қақтығысы және жақын бірге қызмет істеуіне жол бермеу бағыттарындағы шаралар қатаң бақылауға алынған.

    Департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты әлеуметтік желілер мен өзге де ашық ақпарат көздеріндегі жарияланымдарға мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс мәліметтер болған жоқ.

    Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда, көлік құралын басқарғанда алкогольдік және уытқұмарлық масаң күйде болудың алдын алу, деструктивтік діни ағымдардың қызметіне араласуын, ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын болдырмау бағытында тиісті уәкілетті органдар мамандарының қатысуымен барлығы 11 профилактикалық шаралар (2025 жылы және ағымдағы жылдың 6 айында) ұйымдастырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары