
Департамент басшысының орынбасары Болат Досымов «Бірыңғай есеп беру күні» шарасында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы кездесуге қатысып, облыс кәсіпорындарындағы еңбек заңнамасының сақталуы бойынша есеп берді.
2026 жылдың 8 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 264 тексеру нәтижесімен 391 бұзушылық анықталып, 210 нұсқама берілді.
Оның ішінде, мемлекеттік бақылаумен қамтылған бизнес субъектілерінің 13% - ірі, 18% - орта, 10% - кіші және 15% - микрокәсіпкерлік нысандары болып табылады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау — кез келген бизнестің тұрақтылығы мен оның әлеуметтік жауапкершілігінің іргетасы болып табылады.









