Мүлік салығы

    Мүлік салығы

    Құрметті салық төлеушілер!

    2026 жылғы 1 қазанға дейін жеке тұлғалардың 2025 жыл үшін мүлік салығын төлеу қажет екенін еске саламыз.

    Салық жылжымайтын мүлік иелеріне: пәтерлерге, жеке тұрғын үйлерге, саяжайларға, гараждарға және басқа да мүлік объектілеріне қатысты.

    Есептелген салық сомасын банк қосымшалары, eGov, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистері арқылы білуге және төлем жасауға болады.

    Төлемді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Белгіленген мерзім бұзылған жағдайда берешек сомасына өсімпұл есептеледі.

    Салық бойынша есептеулеріңізді алдын ала тексеріп, салықты уақытында төлеңіз!

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары