Облыстық мәслихатта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

    Облыстық мәслихатта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

    Қарағанды облыстық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, онда депутаттар өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелерді қарады.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау болды. Бюджетті нақтылау кіріс бөлігінің төмендеуіне, жекелеген шығыстарды оңтайландыруға және бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қайта бөлуге байланысты жүргізілді.

    Нақтылаудың негізгі мақсаты - басым бағыттарды қаржыландыруды қамтамасыз ету және қолда бар бюджет қаражатын тиімді пайдалану. Бюджетті нақтылау аясында әлеуметтік салаға, коммуналдық инфрақұрылымға, жол-көлік кешеніне, құқық қорғау органдарының шұғыл қажеттіліктеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның резервтік қорын толықтыруға қаражат бағыттау көзделді.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Дулат Ашкеновтың айтуынша, жекелеген шығыстарды оңтайландыру уақытша сипатқа ие. Тиісті шығыстарды толық көлемде қаржыландыруды 2027 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қарастыру жоспарлануда.

    Сонымен қатар депутаттар Облыстық бюджеттік комиссияның құрамына өзгерістер енгізу, «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағын беру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысында қазақстандық өндірістегі материалдарды, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды қолдану талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құру мәселелерін қарады.

    Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерді Қарағанды облыстық мәслихатының сессиясына шығару жоспарлануда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облыстық мәслихаты" жаңалықтары