Ақмола облысында 100-ден астам азаматқа құқықтық көмек көрсетілді

    Облыс прокуратурасы мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Отбасы банк» АҚ өкілдері, адвокаттар, нотариустар мен заң консультанттарының қатысуымен «Құқықтық дәріхана» профилактикалық акциясын өткізді.

    Іс-шара пробациялық бақылауда тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды. 100-ден астам қатысушы жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдер алу, құжаттарды қалпына келтіру және заңды құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша жеке кеңес алды.

    Аталған акция азаматтардың құқықтық ақпараттандырылуына және олардың табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары