САЙРАМ: МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕРІНЕ ЖАУАП БЕРІЛДІ

    САЙРАМ: МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА АЗАМАТТАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕРІНЕ ЖАУАП БЕРІЛДІ
    Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтың келісімімен «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен облысымыздың аудандық және қалалық аумақтарындағы шалғай елді мекендерде азаматтардың арыз-өтініштерін қарау мақсатында мобильді қабылдаулар өткізу жоспар-кестесіне сәйкес үстіміздегі жылдың 25 қыркүйек күні Сайрам ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтікізілді.
    Қоғамдық қабылдауға Прокуратура, Департамент, Басқарма, ҮЕҰ-ның ресми өкілдері және депутаттар, заңгерлер, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сонымен қатар, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркен Мақсұтұлы қатысты.
    Аталмыш іс-шараның мақсаты: аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар және елмен етене жақын болу. Жергілікті жерлердегі адамдардың өтініш-шағымдарын тыңдап, қордаланған мәселелерін шешуге ат салысу, заңға сәйкес түсіндірме беру.
    Қоғамдық қабылдауда Еркен Мақсұтұлы азаматтар тарапынан қойылған Департаменттің құзырына қатысты сауалдарға жауап беріп, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарында көзделген заңдылықтарына сәйкес түсіндірмелер беріп өтті.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары