ЕҢБЕК - ЕЛДІҢ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ: ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ «ЕҢБЕК КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

    ЕҢБЕК - ЕЛДІҢ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ: ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ «ЕҢБЕК КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!
    Құрметті еңбек адамдары, әріптестер және барша қазақстандықтар!
    Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Еңбек – ел дамуының берік негізі. Еңбек құқығын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, лайықты еңбекке ақы төлеу, еңбек шартын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын сақтау – еңбек қатынастарының маңызды қағидалары.
    Әрбір маманның адал еңбегі мен кәсіби білімі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосады. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылығы, әлеуметтік әріптестік және еңбек қауіпсіздігі – тұрақты әрі тиімді еңбек ортасының кепілі.
    Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер және берекелі еңбек тілейміз!
    Еңбек қадірлі, құқық қорғалған, еңбек адамының еңбегі бағаланған қоғам құру – ортақ міндетіміз!
    Еңбек күні құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары