Заң мен тәртіп: ШҚО жолдарында профилактикалық рейдтер жалғасуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Заң мен тәртіп: ШҚО жолдарында профилактикалық рейдтер жалғасуда

    Заң мен тәртіп: ШҚО жолдарында профилактикалық рейдтер жалғасуда

    Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолын кесуге бағытталған профилактикалық рейдтерді жалғастыруда.

    Полиция қызметкерлері өңір жолдарында қызмет атқарып, жүргізушілердің құжаттарын, көлік құралдарының техникалық жағдайын және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тексеруде. Іс-шаралар жұмыс күндерімен қатар демалыс күндері де жүргізіліп, белгілі бір уақытпен шектеліп жатқан жоқ.

    ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын сақтап, жолда абай болуға шақырады.

    • Жолға шығар алдында көліктің техникалық жарамдылығына көз жеткізіңіз.
    • Жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау талаптарын сақтаңыз.
    • Көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамаңыз.
    • Қауіпті басып озуға және күрт маневр жасамаңыз.
    • Көріну мүмкіндігі төмендеген кезде жылдамдықты азайтып, жол жағдайын ескеріңіз.

    Жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігін тек белгіленген жерлерден кесіп өтіп, жолға шықпас бұрын өз қауіпсіздігіне көз жеткізуі қажет.

    Асықпаңыз және жолдағы әр әрекетіңізге жауапкершілікпен қараңыз. Себебі бір сәттік қателіктің салдары ауыр болуы мүмкін. Қарапайым ережелерді сақтау жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары