
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне іссапары барысында бірқатар нысандарды аралап, құрылыс және абаттандыру жұмыстарының сапасы мен орындалу деңгейіне назар аударды.
Ақжар елді мекенінде көше жарықтандыру жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын 5 көшеге 86 жарық шамдары орнатылуда.
Атап айтқанда, Амангелді, 8-Март, Бірлік, Тұран және Ғ.Мұратбаев көшелерінде заманауи талаптарға сай жарықтандыру жүйесі орнатылуда.
Анықталған кемшіліктерді жедел жою, жұмыстарды белгіленген талаптарға сәйкес жүргізу жөнінде мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, ауылдық округ әкіміне атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауда ұстап, нысандардың сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді жүктеді.
Нәтижесінде елді мекеннің негізгі көшелеріндегі түнгі жарықтандыру деңгейі жақсарып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалатын болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі








