Целиноград ауданында профилактикалық іс-шаралар өткізілді

    Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Целиноград ауданының прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдары және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, аудан аумағында кешенді профилактикалық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

    Іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың құқықтық мәдениетін арттыру.

    Рейдтік іс-шаралар барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына бағытталған тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заңда көзделген тиісті шаралар қабылданды.

    Сонымен қатар, азаматтар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң талаптарын сақтау қажеттілігіне бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары