
Бүгін еркін күрестен «FWA-1» лигасы — FADIVS WRESTLING ACADEMY аясында өтіп жатқан жарыстың екі күндік қорытындысы бойынша жерлестеріміз тамаша нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс нәтижелері:
Жарас Омар — 21 кг салмақ дәрежесінде І орын
Сламбек Әділжан — 17 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын
Баратқазы Серғазы — 50 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын
Қайрат Османали — 21 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын
Қожан Шоқан — 25 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын
Назарбек Ернұр — 32 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын
Мәлік Санжар — 42 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын
Осылайша, жарыстың екі күндік қорытындысы бойынша жас балуандарымыз 7 жүлделі орынға ие болып, Қапал ауылының намысын абыроймен қорғады!
Бұл жеңістер — жас спортшыларымыздың табандылығы, күнделікті еңбегі, жаттығуға деген жауапкершілігі және спортқа деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Жас балуандардың дайындығына бағыт-бағдар беріп, жарыс барысында қолдау көрсетіп жүрген жаттықтырушылар Баратқазы Ерғазы мен Сейдахмет Абылайханға ерекше алғысымызды білдіреміз!
Ұстаздың еңбегі — шәкіртінің жетістігімен көрінеді. Бүгінгі жүлделі орындар — спортшыларымызбен қатар, олардың жаттықтырушыларының да қажырлы еңбегінің жемісі.
Жас балуандарымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!
Қапалдың жас спортшыларына — жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!








