КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
    Сарыағаш ауданында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
    Жиынға комиссия мүшелері, жауапты сала басшылары мен тиісті мекеме өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
    Атап айтқанда құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мекеме басшыларының баяндамалары тыңдалды.
    Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев Мемлекет басшысы айқындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыру барлық мемлекеттік органдардың ортақ міндеті екенін айтып, осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.
    Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты ұйымдастырушылық және түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.
    Сарыағаш ауданы әкімінің
    баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары