Қосшы қаласы аумағында қала прокуратурасы полиция органдары және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Борышкер» акциясы өткізілді.
Акция аясында мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы, сондай-ақ алимент бойынша берешекті өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шара барысында борышкерлерге атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнама талаптары, сот актілерін орындау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ міндеттемелерді орындамаған жағдайда заңнамада көзделген мәжбүрлеп орындату шараларын қоса алғанда, туындайтын құқықтық салдар түсіндірілді.
Алимент бойынша берешекті өтеу және мемлекет кірісіне ақшалай қаражатты өндіріп алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Акция қорытындысы бойынша борышкерлерге тиісті түсіндірмелер беріліп, атқарушылық құжаттардың тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданды.
Ақмола облысыныңпрокуратурасы



