
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Бейсенбеков Қ. М. Қарағанды облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі Турлаев А. В.-пен және ҰАТ-тың басқа да қатысушыларымен бірлесіп, Қарағанды қаласының «№ 3 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Барудың барысында тәрбиеленушілердің тұру және білім алу жағдайлары, тамақтандыруды, медициналық сүйемелдеуді және бос уақытты ұйымдастыру мәселелері зерделенді. Сондай-ақ үй-жайлардың санитариялық жай-күйіне, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне, тұрмыстық жағдайлар мен мекеменің материалдық-техникалық жарақтандырылуына баға берілді.
Тәрбиеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, олардың адами қадір-қасиеті мен жеке басына қол сұғылмаушылықтың құрметтелуіне, қауіпсіз әрі тиісті жағдайлардың жасалуына, сондай-ақ қатыгез немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастың кез келген түріне жол бермеуге ерекше назар аударылды.









