
Заң факультетінде студенттерге арналған «Адам құқықтары: теория және практика» тақырыбында бинарлық дәріс өтті.
Дәріске Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Қайрат Мұратұлы Бейсенбеков және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының Қарағанды облысы бойынша мүшесі Альтаир Джумальдинов қатысты.
Университет тарапынан дәрісті Андрей Викторович Турлаев жүргізді.
Дәріс барысында студенттер адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғаудың өзекті мәселелерін қарастырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметімен, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғаудың практикалық тетіктерімен танысты.
Теориялық ережелер мен құқық қолдану практикасының өзара байланысына ерекше назар аударылды. Бинарлық дәріс форматы студенттерге теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, құқық қорғау қызметінің нақты бағыттары туралы практикалық түсінік алуға мүмкіндік берді.
Практика мамандарымен өткізілетін осындай кездесулер болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және таңдаған мамандығының практик.









