Павлодар облысы AI шешімдерінің жаңа экожүйесіне қосылады

    Павлодар облысы AI шешімдерінің жаңа экожүйесіне қосылады

    Павлодароблысына жұмыс сапарыаясында Қазақстан РеспубликасыныңЖасандыинтеллектжәне цифрлықдаму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев өңірлікцифрлық жобалармен танысып,стартаптаржәнеIT-қоғамдастық өкілдерімен кездесті, Павлодар менЕкібастұз қалаларындағыахуалдық орталықтарға барып,сондай-ақхалықпен кездесу өткізді.

    Өңірлік стартаптарды қолдау

    Pavlodar Hub алаңында өңірдің нақтыміндеттерін шешуге қолдануға болатынтехнологиялық жобаларменшешімдертаныстырылды.

    Атап айтқанда,келесі жобалар қаралды:

    Barjok–электр энергиясыныңажыратылуын мониторингтеуге арналғаншешім. Энергетикабасқармасымен бірлесіп,электр энергиясының ажыратылуын жеделанықтау жәнемониторингжүргізу үшін аталғаншешімді енгізу мүмкіндігін пысықтаутапсырылды.

    Ping!– 109қызметінің жұмысына жасандыинтеллектенгізуге арналған шешім.Азаматтардың өтініштерін өңдеудіавтоматтандыру жәнеденқою жылдамдығынарттыру мақсатында жобаны пилоттықрежимде іске асыру мәселесін пысықтауұсынылды.

    Tekser–мектептерге арналған цифрлықшешімдер.Қолданыстағы пилоттық жобалардыаяқтап,олардың қорытындысы бойынша оданәрі масштабтау мүмкіндігін бағалаутапсырылды.

    Dala Capital– Real World Assets (RWA)саласындағы жоба.Жобаны Alatau city-менбірлесіп одан әрі дамыту мүмкіндіктерінпысықтау ұсынылды.

    Qoldam–тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық саласындағы дебиторлықберешекпен жұмыс істеуге арналған шешім.Жобаны Павлодар қаласында іске қосу жәнеоның практикалық тиімділігін бағалауұсынылды.

    Өңірдіңстартап-экожүйесін одан әрі дамытумәселелерідежеке талқыланды.Pavlodar Hubбазасында жастар, IT-мамандар,стартаптаржәне өңірдің технологиялық қоғамдастығы үшінтартымды орталыққа айналатын заманауикеңістік құру ұсынылды.

    Өңірдің бірыңғай ахуалдық орталығы

    Жұмыс сапары барысындаПавлодарқаласының ахуалдық орталығының жұмысыдазерделенді.

    Негізгі міндет–жекелеген ақпараттықжүйелерменмониторингтік панельдердендеректер негізінде жұмыс істейтін бірыңғайбасқару орталығына көшу.Ахуалдық орталықөңірлік ақпараттық жүйелердің барынша көпсанын интеграциялап,өңірде болып жатқанжағдайдың кешенді көрінісін қамтамасыз етуітиіс.

    Екібастұз қаласының қалалық жәнекоммуналдық инфрақұрылымдымониторингтеу тәжірибесіне ерекшеназараударылды.Оң нәтижесін көрсеткеншешімдерді облыстың басқа аумақтарынамасштабтау ұсынылды.

    Ахуалдық орталықты дамыту тәсілдерінқайта қарау,оның талдамалық құрамдасбөлігін күшейту және проблемаларды болжауменбасқарушылық шешімдер қабылдаудықолдау үшін жасандыинтеллектқұралдарынкезең-кезеңімен енгізу міндеті қойылды.

    Ірі кәсіпорындар өңірдің цифрлықтрансформациясына тартылады

    Павлодароблысының ірі өнеркәсіптіккәсіпорындарымен жұмыстың жеке бағытықалыптастырылатын болады.

    Ірі кәсіпорындарда цифрландыруға жауаптыбасшыларды айқындау,цифрлық жәнеAI-дамубойынша өз стратегияларын қалыптастыру,сондай-ақ кәсіпорындар орналасқан қалаларменаудандардың цифрлықтрансформациясына белсенді түрде атсалысуұсынылды.

    Ірібизнесөз өндірісін цифрландыруменғана шектелмей,технологиялық жобаларды,кадрлар даярлауды және заманауишешімдерді енгізуді қолдау арқылы өңірдіңдамуынадақатысуы қажет.

    Сондай-ақ облыс әкімдігін,өнеркәсіптіккәсіпорындарды, IT-компанияларды,білімберуұйымдарын және технологиялыққоғамдастықты біріктіретін Жасандыинтеллектті дамыту жөніндегі өңірлік кеңесқұру ұсынылды.

    Жаңа цифрлықэкономикаүшін кадрлардаярлау

    Халықпен кездесу барысында кадрлардыдаярлау және олардың біліктілігін арттырумәселелеріне ерекшеназараударылды.

    Павлодароблысы экономикасыныңқұрылымыменкәсіпорындардың мамандарғадеген болашақ қажеттілігін ескере отырып,цифрлық дағдыларменжасандыинтеллектбойынша өңірлік оқыту бағдарламасынқалыптастыру ұсынылды.

    Бұл жұмыс деректерді өңдеу орталықтарынорналастыру инфрақұрылымы дамып жатқанЕкібастұз үшін ерекше өзекті.Осығанбайланысты әкімдікке болашақтаДӨО-ларда, энергетика, ITжәне басқадатехнологиялықбағыттарда жұмыс істей алатын мамандардыдаярлаудың жүйелі бағдарламасын алдыналаіске қосу ұсынылды.

    Осылайша, Павлодароблысының одан әріцифрлық трансформациясы өзара байланыстыбірнеше бағыт төңірегінде жүзеге асырылатынболады:практикалықAI-шешімдерді енгізу,бірыңғай ахуалдық орталықты дамыту,стартаптарды қолдау,ірі кәсіпорындардытартужәне кадрларды жүйелі даярлау.

    Негізгі қағидат–цифрлық жобалар өңірдіңнақты қажеттіліктерінен туындап,тұрғындар, бизнесжәне мемлекеттік басқару үшінөлшенетін нәтиже беруі тиіс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі" жаңалықтары