
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 40-шы сессиясы өтті. Отырыс барысында депутаттар өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған көптеген мәселелерді қарастырды.
Негізгі тақырыптардың қатарында денсаулық сақтау саласын кадрлармен қамтамасыз ету, жас мамандарды тарту және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бар.
Сессия барысында елді мекендерді абаттандыру қағидалары, «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі және 2026-2029 жылдарға арналған тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы бекітілді.
Бұдан басқа, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары айқындалды, сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамы бекітілді, облыстық бюджетке және Солтүстік Қазақстан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер енгізілді.
Депутаттар жерлеу ережелерін, мәслихат аппараты туралы ережені және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның құрамын да өзектендірді. Бұрын қабылданған, өзектілігін жоғалтқан бірқатар шешімдердің күші жойылды деп танылды.
Барлық мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында алдын ала қаралды. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.








