
Сәуле Сұрағанованың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының алдағы сессияға дайындыққа арналған тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Депутаттар аймақтың дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей қатысты мәселелерді қарастырды. Негізгі тақырыптардың қатарында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өңірлік жобаларын, сондай-ақ бірқатар нормативтік құқықтық актілерді іске асыру бар.
Атап айтқанда, жерлеу ережелерін түзету және жерлеу орындарын күтіп ұстау, тұрғын үй сертификаттарын беру критерийлерін жаңарту, елді мекендерді абаттандыру ережелерін жетілдіру және Солтүстік Қазақстан облысында 2026-2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ облыс әкімдігі жанындағы комиссиялар құрамындағы өзгерістер қаралды.
Бірлескен отырысқа шығарылған барлық мәселелер талқылаудан кейін облыстық мәслихаттың алдағы сессиясының күн тәртібіне енгізілді.









