БАЙДАРКАДА ЕСКЕК ЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАСЫ ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

    Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы жалғасып жатыр.

    Байдаркамен 500 метрге жарыста Қазақстан әйелдер құрамасы финалда 3-орыннан көрінді. Командамыздың уақыт көрсеткіші - 1 минут, 37.005 секунд. Ақтық сында ел намысын қорғаған спортшылар - Ольга Шмелёва, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая мен Эвелина Костенко.

    Бұл бағдарламада Қытай құрамасы чемпион атанса, одан кейін мәре сызығын Өзбекстан командасы кесіп өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары