
ХАБАРЛАНДЫРУ
Шиелі ауданының коммуналдық меншігіндегі мүлікті жекешелендіру туралы.
«Шиелі ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған, мемлекеттік нөмірі 333 AV 11 «KIA OPTIMA» қызметтік автокөлігінің жарамсыз болуына байланысты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына» сәйкес коммуналдық мүлікті жекешелендіру көпшілік тыңдаулар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, 2026 жылғы 04 қараша күні сағат 16:00-де Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6 мекенжайында орналасқан
Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өтетіндігін хабарлаймыз.









