Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының Ш Е Ш І М І ХАБАРЛАМА

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының

    Ш Е Ш І М І

    Қаражал қаласы № 7 2026 жылғы 24 қыркүйек

    Қалалық мәслихаттың

    кезекті XLVІІІ сессиясын

    шақыру туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

    1. VIII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XLVІІІ сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.
    2. Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда хабарлансын.

    Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде жеті күн қалғанда табыс етілсін.

    1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова

    Х А Б А Р Л А М А

    Қаражал қалалық мәслихатының кезекті XLVІІІ сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 10.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.

    Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

    1. Қаражал-Жәйрем өңірінде 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы.
    2. «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі атқарған қызметі туралы.
    3. Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы.
    4. Басқа да мәселелер.

    Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары