ХАБАРЛАМА

    ·

    Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының

    Ш Е Ш І М І

    Қаражал қаласы № 5 2026 жылғы 21 шілде

    Қалалық мәслихаттың

    кезектен тыс XLVІ сессиясын

    шақыру туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

    1. VIII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІ сессиясы 2026 жылдың 23 шілдесінде сағат 11.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.
    2. Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда хабарлансын.

    Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде үш күн қалғанда табыс етілсін.

    1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова

    Х А Б А Р Л А М А

    Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІ сессиясы 2026 жылдың 23 шілдесінде сағат 11.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.

    Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

    1. Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №332 «2026 - 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    2. Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №350 «2026 - 2028 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
    3. Басқа да мәселелер.

    Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова

    Ұқсас материалдар