Бір күн өрт сөндірушілермен

    Бір күн өрт сөндірушілермен

    Қостанай облысының ТЖД оқушыларға өрт сөндірушілердің қызметін таныстырды.

    Өрт сөндіруші мамандығын оқулықтан ғана оқып қоймай, оның тыныс-тіршілігін өз көздерімен көру мүмкіндігіне №1 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары ие болды. Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері оқушыларға №5 өрт сөндіру бөлімінде экскурсия өткізді.

    Балалар тәуліктік кезекшілікке түсетін өрт сөндірушілердің қызметімен танысты. Оқушылар өрт сөндіру техникасы мен арнайы киімдерді көріп, өрт сөндірушілер қызмет атқаратын бөлмелерді аралады. Сондай-ақ өрт жеңінен су беру жұмысының қалай жүзеге асырылатынын тамашалады.

    Кездесудің практикалық бөлімін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өткізді. Олар оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі ережелерін түсіндіріп, қажетті дағдыларды көрсетті.

    Экскурсия өрт сөндіру қызметінің мұражайына барумен аяқталды. Мұнда балалар өртке қарсы қызметтің құрылу және даму тарихымен танысып, өрт сөндіруші мамандығы туралы кеңірек мағлұмат алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары