АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ АБАЙДА ЖАЛҒАСТЫ

    АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ АБАЙДА ЖАЛҒАСТЫ
    АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ АБАЙДА ЖАЛҒАСТЫ
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру – мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен халықпен тікелей байланысты нығайтудың маңызды тетігі.
    Осыған орай Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен есептік кездесуі бекітілген кестеге сәйкес Абай ауылдық округінде өтті.
    Елді мекен тұрғындарының талап-тілектерін тыңдап, көкейлеріндегі мәселелерін талқылау, атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындау мақсатындағы басқосудың ерекшелігі – жиынның дәстүрлі баяндама форматында емес, еркін пікір алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылуы болды. Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ағын су каналдарын механикалық тазалау, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, газ, жол, жарықтандыру мәседелері бойынша қойылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Көтерілген мәселелер аясында тиісті жұмыстардың атқарылатынын атап өтті.
    Бұқара мен билік арасындағы байланысты нығайтып, өзара сенім мен түсіністікті арттыруға, халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, оны нақты іске айналдыруға мүмкіндік беретін жиын соңында мәселесін жеке айтушыларға қоғамдық қабылдау өткізді.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары