Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Әулиеата» ауданы әкімдігі және «Әділет» партиясының еріктілерімен бірлесіп, балық аулау дүкендерінің сатушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында сатушыларға балық аулаушыларға судағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласу қажеттігі айтылды. Тараз қаласы ТЖБ ескертеді: су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар!
Жамбыл облысы ТЖД